ӘлеуметИмантаразы

Құрбан айт – рухани мейрам

Биыл Құрбан айт мейрамы 27 мамырда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.

Сонымен қатар еліміздің өңірлері бо­йынша айт намазының уақыт кестесі жарияланды. Астана қаласында айт намазы 27 мамыр күні сағат 6:00-де оқылады. Елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты кәсіпкерлерге үндеу жасады.

«Құрбан айт – рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін» деп атап өтті ­Наурызбай қажы Тағанұлы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button