Қоғам

Самокат тұрағы қалай жұмыс істеп тұр?

Елорданың Нұра ауданында алғаш рет электрсамокаттарға арналған мамандандырылған тұрақтар пайда болды. Осы ретте Астанада бірнеше ірі кикшеринг қызметі жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Электрсамокаттардың жалпы саны компаниялар бойынша мынадай: Whoosh — 3 400 самокат;  JET — 2 600 самокат;  Яндекс Go — 1 600 самокат. Q88 қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Жанат Чүкеевтің айтуынша, жоба азаматтардың көптеген шағымынан соң қолға алынды. Тротуар мен жол бойына тасталған самокаттар жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, апатқа себеп болып жатыр.

Пилоттық жоба аясында Нұра ауданында самокат ең көп шоғырланған 10 нүкте таңдалды. Негізінен сауда орталықтары, қоғамдық саябақтар мен жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтардың маңы.

– Аудан әкімдігі және кикшеринг компанияларымен бірлесіп адам жиі жүретін жерлерде арнайы жол белгілері мен тұрақ аймағын білдіретін сызбалар орнатылды. Енді сапарды тек белгіленген орында ғана аяқтауға болады, — деп түсіндірді Жанат Чүкеев.

Бұған дейін самокатты тек қосымшада белгіленген «виртуалды аймақтарға» қоюға болатын. Алайда GPS жүйесі дәл бола бермейді де, пайдаланушы самокатты тротуардың қақ ортасына немесе ғимараттың алдына тастап кетсе де, картада дұрыс тұрақталған болып көрінеді. Енді бақылау iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы, аудандық әкімдік, Астана қаласының жол полициясы және кикшеринг компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылады. Мессенджерлерде жобаның барлық қатысушысы нақты уақыт режимінде тәртіп бұзушылық туралы ақпарат алмасатын жұмыс тобы құрылды. Мұндай тәсіл түскен шағымға жедел әрекет етіп, жұмысты оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button