Құқық

Киберқауіпке қарсы тиімді шаралар қабылдануда

ҚР ІІМ киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Заманауи телекоммуникациялық және байланыс құралдарын пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасуда. Қазақстанда мұндай қылмыстардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды. Жыл басынан бері 11 мыңнан аса осындай қылмыс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай хабарлады.
Оның айтуынша, киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылданып жатыр.

«Былтыр қараша айында ведомство құрылымында өңірлік бөліністері бар арнайы департамент құрылды. Байланыс операторларымен бірлесіп, тіркелмеген SIM-карталарды интернет арқылы қоңырау шалуға және мессенджерлерде анонимді аккаунттар ашуға пайдаланылатын SIM-бокстар анықталуда», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Әр тоқсан сайын республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп «антифрод-орталығы» аясында өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button