Мәдениет
«Qala Fest» – заманауи фестиваль

«Жетісу» саябағында елордалықтарға арналған «Qala Fest» фестивалі өтті. Бұл – заманауи мәдениет, экологиялық бастамалар мен кітапқа деген сүйіспеншілікті біріктіретін ашық алаң.
Сағат 16:00-ден 19:00-ге дейін:
• Кітап алмасу жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары өз кітаптарын әкеліп, өзгелермен алмасты.
• «Экообмен» аймағында қатысушылар пластик бөтелкелерді өткізіп, экологиялық сыйлықтар алды.
Қазір фестиваль аясында концерт өтіп жатыр. Танымал орындаушылардың жанды музыкасы мен мерекелік атмосфера тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда.