Мәдениет

«Эко-дәстүр» алаңы

Астанадағы Ілияс Есенберлин атындағы №67 ­гимназия жанындағы жазғы мектеп лагерінде этномәдени-­экологиялық бағыттағы «Эко-дәстүр» алаңы ұйым­дастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды этномәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерге баулу, патриоттық тәрбие беру, экологиялық сананы қалыптастыру.

«Жас ерекшелігі мен тақырыптық бағытқа байланысты 5 түрлі лагерь ұйымдастырылған. Біз балаларды ұлттық құндылықтармен, салт-дәстүрмен, мәдениетпен таныстырып жатырмыз. Мұнда «Атамекен» атты этно-киіз үй тігілген. Балалар дәстүрлі қазақ киімін киіп, ұлттық ойындар бойынша жарыс, музыкалық қойылым мен би сайысын өткізіп жатыр. Екінші бағытымыз – экология. Гимназиямыз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысады. Оқушылар мектеп аумағын тазарту, көгалдандыру жұмысымен айналысады. Бізде жылыжай да бар, онда оқушылар жыл бойы өздері көкөніс өсіреді» деді №67 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Оңалбаева.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button