Қандай банктер ипотека беруді уақытша тоқтатты?

Қазақстандағы кейбір банктер қайталама нарықтан баспана сатып алуға арналған ипотекалық несиелер бойынша өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еске сала кетсек, Қазақстанда ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендетілді. Тиісті түзету Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына енгізілген. Жаңа талап 15 маусымда күшіне енді.
Бүгін Kazinform тілшісі банктерге қоңырау шалып, Halyk Bank, ЦентрКредит банкі мен Нұрбанк қайталама тұрғын үй нарығына қатысты ипотекалық өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқанын анықтады.
Операторлардың айтуынша, қазір бұл банктерде техникалық жұмыстар жүргізіліп, жаңа мөлшерлемелер енгізіліп жатыр.
Сонымен бірге, Altyn Bank пен Freedom Bank ипотекалық өтініштерді қалыпты тәртіпте қабылдап, қарастырып жатқанын хабарлады.
Айта кетейік, жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді.