Әлеумет

Аустралиялық спортшы Астанаға тәнті болғанын айтты

Астанада интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі жандар арасында баскетболдан әлем чемпионаты – Virtus World Basketball Championship Astana 2025 өтіп жатыр. Турнирге келген Аустралия құрамасының спортшысы Алиссиа Бэмблетт Астанадан алған әсерін айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Бұл – менің Қазақстанға, оның ішінде Астанаға алғашқы сапарым. Қала өте әдемі, таза, ерекше архитектурасы бар, тұрғындары да мейірімді. Мен Қазақстан спортын үнемі бақылап жүремін. Баскетболдан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әрі әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың басын қосып отыр», — деді Алиссиа Бэмблетт.

13 маусым күні елорданың Триатлон саябағында интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты – Virtus World Basketball Championship Astana 2025 салтанатты түрде ашылды.
Ауқымды спорттық дода Астанада алғаш рет өтіп жатыр. Оған 11 елден 180 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Қазақстан, Израиль, Польша, Аустралия, Италия, Испания, Жапония, АҚШ, Франция, Венесуэла және Португалия командалары бар. Жарыстар 3х3 және 5х5 форматында, ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатыр.

Чемпионат 12-21 маусым аралығында Триатлон саябағы мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button