Мәдениет

«Танакөз» – үздік спектакль

Астананың Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Танакөз» қойылымы «Ticketon Awards-2024» нұсқасы бойынша «Жылдың үздік спектаклі» атанды.

Мұхтар Шахановтың поэмасының желісімен қойылған спектакльдің режиссері – Әли Бидахмет қойылым арқылы Мұхтар Шахановтың шығармашылығын көпшілікке танытқысы келгенін ерекше атап өтті.

«Бұл – таза махаббат пен достық жайлы шығарма. Бұл мен үшін өте маңызды. Себебі қазір мұндай шынайы қарым-қатынастарды кездестіру қиын. Басты кейіпкерлер – Мұхтар мен Мұрат бала күннен таныс Танакөзге ғашық болады. Олардың бірі қыздың жанында қалады, ал екіншісі қалаға кетеді. Бірақ Мұхтар мен Мұрат достықтарын соңына дейін сақтайды. Сонымен бірге спектакльдің көркемдік шешімінде ерекше орын алған – сахнадағы үлкен бассейн. Бұл – тазалықтың метафорасы. Су – бұл өмір, әрі таза сезімнің символы. Енді, міне, осы қойылым арқылы біз мақсатымызға жеткен сияқтымыз. Қойылым аншлагпен өтті. Астаналық көрермен спектакльге өз ризашылықтарын да білдірді. Бізбен бірге автор Мұхтар Шаханов та гастрольге шығып, көрермендерге қолтаңба беріп, кітаптарын тарту етті. Бұл – шығармашылық ұжымның көрерменмен тығыз байланыс орнатуына ықпал етті» дейді режиссер Әли Бидахмет.

Сондай-ақ «Жыл киноактері» және «Жыл актрисасы» номинациялары бойынша Дәурен Серғазин мен Айым Түсіпбекова – «Жастар» театрының актерлері марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button