Ел тынысы
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылдың 4 маусымы – еліміздің тарихындағы маңызды даталардың бірі. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері айшықталды. деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елдіктің белгісі – Ту, Елтаңба мен Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды. 2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Онда ұлттық нышандардың сипаттамасы мен пайдалану тәртібі бекітілген. Маңызды құжаттың қабылдануына орай 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленген.