Ел тынысы

Астаналық таэквондошы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

10-14 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 87 елден 811 спортшы қатысты. Айтулы бәсекеде ел намысын Астана қаласының 5 спортшысы қорғады. Соның ішінде бір спортшымыз жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Атап айтқанда, 57 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Аятжан Амирханов финалдық бәсекеде ирандық спортшы Парша Хоушиарға жол беріп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан (WT) Әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль түсті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button