Ел тынысы

Елордалық гимнасшылар Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Елордалық №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің арулары Әлем кубогының екінші кезеңінде 39 елдің үздіктерімен бақ сынасып, өзгелерден оқ бойы оза шапты. Астаналық «Фурор» командасы байрақты бәсекеде лентамен өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Команда құрамында өнер көрсеткен астаналық гимнасшылар:
Жасмин Жүнісбаева;
Кристина Чепульская;
Аида Хакимжанова;
Айзере Кеңес;
Айзере Нұрмағамбетова;
Мәдина Мырзабай.

«Біздің спортшылар халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатып, мықты қарсыластар арасында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әлем кубогында үлкен жетістікке жету үшін бар күшімізді салып дайындалдық. Командамызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерге жете беріңіздер!» – деді №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің көркем гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балгинбаева.

Жарыс қорытындысы:
1-орын – Қытай
2-орын – Израиль
3-орын – Қазақстан
Бұл жетістік – жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлескен еңбегінің жемісі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button