Денсаулық

Run for Autism: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді

Астана қаласындағы Ботаникалық бақта аутизм туралы ақпараттандыру айына орай қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін іс-шара 26 сәуір күні ұйымдастырылады, басталу уақыты – 08:00. Жиналған қаражат аутизмі бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға, құрал-жабдықтар алуға және «Bolashak Charity» қорының Құзыреттілік орталығында білім беру гранттарын ұсынуға бағытталады.

Жүгіру жарысы менталдық денсаулық тақырыбына арналады, яғни аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да менталдық жағдайлары бар адамдарды қолдауға бағытталған.

Қашықтықтар: 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км. Тіркелу: www.runforautism.kz Бағдарламада: түрлі қашықтықтағы жүгірулер, ерекше балаларға арналған эстафета және серіктестерден сыйлықтар ұтысы.  Жүлде қорында 20-ға жуық сыйлық бар, оның ішінде: 1 тонна бензин, смартфон, 5 жұлдызды қонақ үйлерге сертификаттар, кофе мен йогурт қоры, тау велосипеді және басқа да сыйлықтар.

Run for Autism 2026 жүгіру жарысы Астана қаласы әкімдігінің, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің қолдауымен өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанда Run for Autism алғаш рет 2023 жылы өтті. Үш жыл ішінде оған 6 443 адам қатысып, 79 серіктес пен демеуші қосылды.  Жалпы 42 348 444 теңге жиналып, 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Нәтижесінде 200-ден астам бала қатарластарымен бірге білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Run for Autism – бұл тек спорт емес, аутизмді қолдауға бағытталған қоғамдық қозғалыс. Жүгіруге кәсіби спортшылар, әуесқойлар, белсенді азаматтар, ерекше балалардың отбасылары және инклюзия саласындағы мамандар қатысады.

Қатысушылар географиясы Қазақстанның көптеген қалаларын қамтыды, ал 2024 жылдан бастап онлайн формат енгізіліп, халықаралық қатысушылар да қосылды.

«Bolashak Charity» қоғамдық қоры 2011 жылдан бері дарынды жастарды қолдау және аутизмі мен басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

Қор Қазақстан бойынша 90-нан астам мамандандырылған оңалту мекемелері мен кабинеттерді ашып, жабдықтады, оның ішінде 24 қалада 80 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Жоба аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 000-нан астам бала қамтылды, олардың 1 000-нан астамы үйден оқытудан шығарылды.

Инклюзивті білім беру саласында 600 жаңа мамандандырылған жұмыс орны құрылды. 4 500 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және қолданбалы мінез-құлық талдауы бойынша оқудан өтті. Балалар үйлеріндегі 2,5 мыңнан астам бала қордың шығармашылық бағдарламаларына қатысты.

Қордың инклюзияны қолдау кабинеттері Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша эксперименттік алаңдар желісіне енгізілген. Ел бойынша Қор үлгісі негізінде 1 500 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Инклюзивті білім беруді дамыту бөлігінде заңнамалық актілерге 120-дан астам сапалы ұсыныс пен түзету енгізілді. Қор ҚР Парламенті Сенаты, «AMANAT» партиясы және министрліктер жанындағы инклюзия мәселелері бойынша жұмыс топтарының құрамына кіреді.

Қор педагог-ассистенттерге арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы мінез-құлық технологиялары: диагностика, оқыту және қолдау стратегиялары» атты оқу курсын әзірлеп, іске қосты. Бүгінгі күні Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің 17-ден астам өңірінен 4 000-нан астам маман оқытылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button