Қоғам

Жеке сектордан келген қызметші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резерві форумында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметте білікті салалық мамандардың тапшылығы сезілетіндігін,  бұл ретте жеке сектордан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қажеттілігін атап өткен болатын.       

Қазіргі іске асып жатқан ауқымды реформалардың арқасында мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою, халық үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осындай өзгерістердің бірі – «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы.

Бұл жоба мемлекеттік қызметке жеке сектордан білікті де білімді жас мамандарды тартуға орасан зор мүмкіндік берді. Сол мүмкіндік аясында Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппараты жеке сектордан келген жас маманмен толықты. Ол – Бирманова Аружан Максутқызы.

Өз еңбек жолын «Контур XXI» ЖШС-де бухгалтердің көмекшісі қызметінен бастаған. Осы жылдың шілде айынан бастап «Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманы болып тағайындалып, бұл қызметті абыроймен атқарып келеді. Өз жұмысымен қатар тігін тігумен, еріктілікпен айналысады.

Осы орайда, еліміздің әр азаматы, әсіресе жастар жүргізіліп жатқан реформалардың игілігін түсініп, олардан шет қалмай, өздірінің заманауи Қазақстанның жарқын келбеті екендігін түсінгендері абзал дегім келеді.

Айнұр АКУПОВА,

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button