Мәдениет

«Жаңа күннің дауысы» қалалық музыкалық байқауы өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» мен «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Жас сарбаз» студенттер клубының «Жаңа күннің дауысы» атты қалалық музыкалық (мюзикл) байқауы өтті.

Байқауға Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 10 команда қатысып, жалпы саны 1500 студент қамтылды.

Музыкалық байқауға Білім басқармасының және Оқу-әдістемелік орталықтың өкілдері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Курманбек Алимғазы, ҚР Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің ерлер хоры, сондай-ақ әскери қызметкерлер қатысты.

«Бұл шараның 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында өтуінің мәні зор. Бұл айтулы мерекелер бізге бейбітшіліктің қадірін, отаншылдық пен ерліктің маңыздылығын еске салады. Жастарымыз рухты, ел тағдырына бейжай қарамайтын, саналы азамат болып қалыптасуы тиіс.
Бүгінгі байқауға белсенді қатысып отырған командаларға ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің ізденістеріңіз бен шығармашылыққа деген құштарлықтарыңыз қуантады. Негізгі мақсатымыз – патриоттық сезімді нығайту, Отан қорғаушылардың беделін арттыру, бейбітшілік пен достықты насихаттау. Сондай-ақ «Адал азамат», «Адал еңбек», «Заң мен тәртіп» идеологияларын ілгерілету маңызды», – деді Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Байтасов Дидар.

Ал, байқаудың идеялық негізі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сүйене отырып, жаңа дәуірдің әндерін насихаттауға бағытталды.

Шара соңында студенттер Қазақстан Республикасының картасының бейнелік көрінісін жасап, Мемлекеттік Тудың элементтерімен көркем қойылым ұсынып қорытындылады.

Шапағат Әбдір

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button