Ел тынысы
Астанада жинақтау пунктіндегі көктемгі әскерге шақыру науқанының өту барысы қаралды

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Астана қаласындағы жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының өту барысымен танысты. Ол шақырылушылармен тілдесіп, медициналық тексеру мен тамақтану жағдайын бақылап, тиісті бағасын берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жинақтау пунктінде цифрлық шешімдерге ерекше көңіл бөлінді. «Smart-военкомат» және «e-Медосмотр» жобалары шақыру процесін жеделдетіп, оның ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретіні туралы айтылды.
Сондай-ақ, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және әкімдікдің өкілдерімен бірлесіп, әскерді жасақтау мәселелері мен барлық қатысушы құрылымдардың өзара іс-қимылы талқыланды.



