Құқық

Прокуратура инвесторлармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын және «INVEST CARAVAN» акциясын іске асыру шеңберінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында Сарайшық ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторлармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара инвестициялық ахуалды нығайтуға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыруға бағытталды.

Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің өзекті мәселелері, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау тетіктері талқыланды. Қатысушыларға туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу және қажетті құқықтық көмек алу үшін 115 байланыс орталығына жүгіну мүмкіндіктері түсіндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық саладағы заңдылықты нығайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button