Ел тынысы

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің XII отырысы өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі алқалы жиынға қатысушыларға арнаған өзінің құттықтау сөзінде аталған халықаралық ұйымның елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Былтырғы қазан айында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірлескен өндірістерді іске қосу және негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне басымдық беру қажеттігін атап өткен-ді. Біз бұл тәсілді Достастыққа қатысушы мемлекеттермен өзара іс-қимыл шеңберінде дәйекті түрде іске асырып келеміз. Мұны экономикалық нақты көрсеткіштер де дәлелдейді», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Өнеркәсіптік өнім бойынша Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы өткен жылы $35,6 млрд-ты құрады. Соңғы бес жылда Қазақстанның ТМД елдерімен өнеркәсіптік тауарлар саудасы 20%-ға өсті. Серіктес елдермен бірлесіп жалпы құны 56 млрд доллар болатын 276 өнеркәсіптік жоба іске асырылды және бір бөлігі пысықталуда. Бұл шамамен 79 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  Қазақстандық тарап өнеркәсіптік дамуды одан әрі нығайту және интеграцияның тиімділігін арттыру үшін жаңа бастамаларды іске асыруға дайын.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі ТМД-ға мүше мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ерсайын Нағаспаев Кеңестің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында әріптес елдермен сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін растады.

Отырыста электроника өнеркәсібін дамыту, салаларды цифрлық тұрғыда трансформациялау, машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі секторындағы кооперацияны кеңейту және басқа да бағыттар бойынша қызу пікір алмасу болды. Сонымен қатар ТМД-ның базалық ұйымдарының қызметіне назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

*****

Еуразиялық экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Иран Ислам Республикасы Сауда, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану министрі Мохаммад Атабакпен кездесті. Кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Машина жасау, мұнай химиясы, құрылыс индустриясы және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует бар екені атап өтілді.

Кездесу қорытындысында тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға келісті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button