Қоғам
Шаңғыдан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.