Қазақстанда тағы бір жаңа комитет құрылды
Үкімет «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдап, соның нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын», — делінген премьер-министр Олжас Бектенов 11 қыркүйекте қол қойған қаулыда.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді. Өзгерістерден кейін Ішкі істер министрлігінің құрамы былай өзгерді:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы;
Әкімшілік полиция комитеті;
Көші-қон қызмет комитеті;
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.
«Оның бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісті түрде іске асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасында.