Қазақстанда екі әскери колледж ашылады

Жоғары білімді Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында, Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттыруды жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучинск және Шымкенттегі үш әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік
бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады.
Болашақ әскери қызметшілер дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы, барлау, десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару, заттай қамтамасыз ету және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша даярланады.