Әлеумет
Баланы цифрлық ортадан қалай қорғаймыз?

Балаңыз қазір интернетте отыр. Ендігі сұрақ — сіз бұған дайынсыз ба? Цифрлық орта бір жағынан дамуға, білім алуға және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан нақты қауіптерді де қатар алып келеді. Осы туралы мамандары ұсынымдар берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бала смартфон мен әлеуметтік желілерді белсенді қолдана бастамас бұрын:
* құпиялылық пен қауіпсіздік баптауларын тексеріңіз;
* жеке мәліметтің не екенін және оны не үшін қорғау қажет екенін түсіндіріңіз;
* гаджет пайдалану бойынша нақты әрі түсінікті ережелерді бірге келісіп алыңыз.
Бұл бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды алады, бірақ үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін.
Сөйлесіңіз. Баптаңыз. Қолдау көрсетіңіз.
Цифрлық қауіпсіздік – отбасынан басталады.



