Денсаулық

Педиатрдан 10 кеңес

  1. Әр ана өз баласының ойын, денсаулығын өте жақсы сезеді, сондықтан ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Балаңыздың дамуына, денсаулығына күдіктендіңіз бе, тексертіп алыңыз, көңіліңіз орнында болады.
  2. Егер балаңыз жасына сай дамымай жатса, еңбектемесе, отырмаса, жүре алмаса, сөйлемей, тілі кеш шығып жатса – «біз де осылай кеш дамығанбыз, әкесінің тілі кеш шыққан» деп уақыт созып жүрмеңіз. Міндетті түрде дәрігер кеңесін алыңыз.
  3. Баланың алғаш тамақтануын дұрыс бастаңыз. Есіңізде болсын, баланың тамаққа қызығушылығын қалай оятсаңыз – солай жалғасады.
  4. Балаңызға мүмкіндігінше дүкен сөрелерінде тұратын зиян тәттілерді, нан өнімдері мен тетрапакеттегі сүт өнімдерін бермеуге тырысыңыз.
  5. Балаңыздың дене қызуы көтерілсе бірден дәрі бермей, алдымен жылы су, С витаминін беріңіз. Өз бетіңізше антибиотик тықпалаудың мүлдем қажеті жоқ.
  6. Көп ауру ішектен бас­талады. Сондықтан баланың нәжісін (үлкен дәретін) бақылап жүріңіз. Нәжіске қарап-ақ асқазан-ішек жағдайын білуге болады.
  7. Жылына 2 рет балаңызды талдаулардан өткізіп тұрыңыз. Жалпы қан талдауы, жалпы кіші дәрет талдауы, құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі. Бұларды емханадан тегін тапсыруға да болады.
  8. Жасына сай балаңыз­ды профилактикалық қаралуларға апаруды ұмытпаңыз. Профилактика әрдайым асқынған ауруды емдеуден жақсы.
  9. Балаға кез келген БАД, витамин беруге қарсымын. Дәрігер кеңесімен жақсысын таңдап барып берген дұрыс.
  10. Ең бастысы, сіз бала­ңыз үшін ең жақсы анасыз! Балаңыз үшін уайымдау, алаңдау жақсы ғой, бірақ тым мазасыз болмауға, өзіңізді кінәламауға кеңес беремін. Бала бәрін сезеді.

Әйгерім БАТЫРБЕКҚЫЗЫ,

педиатр-дәрігер

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button