Денсаулық

АПВ-ға қарсы екпелер 14–17 жастағы қыздарға қолжетімді болмақ

Қазақстан Республикасында 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12–13 жастағы қыздарды толықтыра иммундау жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республика бойынша 11–13 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді, оның ішінде 248 мыңы бірінші дозамен, 150 мыңы екінші дозамен егілді. Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті кеңейту мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер түсуде.

Осыған байланысты, АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 7 «Қазақстан Республикасында 14–17 жас (қоса алғанда) аралығындағы қыздарға АПВға қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулысына қол қойылды.

Қаулыға сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті негізде жүргізіледі.

Айта кету керек, вакцинация егілушінің немесе ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Қосымша вакцинация АПВ-ға қарсы вакцинаның қолда бар қорлары есебінен жүзеге асырылады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1010951?lang=kk

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button