Құқық

Қоғамдық орындарды ластағандарды әкімшілік жауапқа тартуда

Жылы мезгілдің басталуымен елордада қоғамдық орындарды ластау фактілері жиілей түсті. Тұрақтарда, тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтар мен гүлзарларда тұрғындар темекі тұқылдарын, күнбағыс дәндерін, қаптамаларды және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жиі қалдырады. Полиция мұндай әрекеттер қаланың келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, заң талаптарын бұзу болып табылатынын ескертеді. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Құқық бұзушыларға айыппұл салынып, заңда көзделген жағдайларда қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құқық бұзушылық фактілері полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде, сондай-ақ қалалық бейнебақылау жүйелері арқылы анықталады. Камералар қоқысты белгіленбеген орындарға тастау жағдайларын тіркеп, құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін елорданың 500-ге жуық тұрғыны жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар абаттандыру қағидаларын бұзудың 23 мыңнан астам дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлері тазалықты сақтау күнделікті өмір салтының ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өтеді. Таза әрі жайлы қала әр тұрғынның қоршаған ортаға және қоғамдық кеңістіктерге деген жауапкершілікті көзқарасынан басталады.

Тазалық мәдениетін қалыптастыруға республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы да бағытталған. Акция аясында аумақтарды абаттандыру, қоғамдық орындарды санитарлық тазарту, көгалдандыру және халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button