Қоғам

Нақты қадамдарды белгіледі

– Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел болашағы үшін нақты қадамдарды белгілеп бергені көп көңілінен шықты.

Жаһандық жарыста цифрландыру мен жасанды интеллект жұмысына бейімделіп, жастарымыздың заман көшінен қалмауына басымдық берген Мемлекет басшысы білікті басшыны кемеңгер кадрлар арасынан таңдап алу керектігін және отаншыл кадрларға мүмкіндіктер беріп, басшылыққа тартуды да назардан тыс қалдырған жоқ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алып, инвесторлар тартудың ел экономикасында айтарлықтай орны барын да атап көрсетті. Ұлттың ұлықтаған алтын бесігі ауылдарды дамыту, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін, ауылшаруашылық секторын дамыту да басымдыққа ие мәселе болып қойылды.

Қалталылардың қайғысына айналған ұлттық экономиканың құнсыздануы салдарынан тарифтер мен бағалар күн санап көтеріліп жатқан шақта әлеуметтік аз қамтылған қоғамның осал топтарын қорғайтын, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды қайта қарауды тапсырды. Осындай қадау-қадау мәселелердің күн тәртібіне шығып, Үкімет отырысында талқылануы, оның президентіміз Қасым-­Жомарт ­Кемелұлының өз аузынан айтылуы көңілге үміт, келешекке үлкен сенім берді.

Ерлан ДӘКЕНОВ,
Астана қаласы мәслихатының
депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button