Елорда тынысы

«Менің елім – менің туым»

Елордалық спортшылар «Менің елім – менің туым» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астанада үшінші жыл қатарынан «Менің елім – менің туым» акциясы өтіп жатыр. Ол ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады.

Мерекеге орай жастар осындай ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілді.

Елорда жастары бастаған акцияны елімізге танымал спортшылар да қолдап, бірі өз балкондарына ту ілсе, енді бірі әнұранды шырқады. Олардың қатарында MMA спорт түрлерінен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Нұрлан Карабалин мен бокстан жастар арасында Азияның екі дүркін және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының жеңімпазы Темірлан Мұқатаев бар.

«Мұндай бастамалар жастар арасында патриотизмді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Спорт арқылы біз өзіміздің күшімізді ғана емес, рухани байлығымызды да көрсетеміз. Әрбір жетістік – еліміз үшін мақтаныш, сондықтан біз өз жетістіктерімізбен Отанымызды одан әрі дамытуға үлес қосуымыз керек», – деді ауыр салмақтағы бокс шебері Темірлан Мұқатаев.

Сондай-ақ, ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы елордалық Едіге Емберді Республика күні қарсаңында Мемлекеттік Гимнді орындап, әлеуметтік желіге жүктеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button