Майдангер мерейі

0 28

Нұр-Сұлтан қаласының түрғыны, Ұлы Отан соғысының майдангері Сихымбай Мамырұлы 100 жасқа толды!Кеңес әскерінің №132 дивизиясында пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған қазақстандық майдангер Мәскеу үшін шайқасқа, Украина, Польша, Румыния, Венгрияны азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған.
Ардақты ардагерді мерейлі туған күнімен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов құттықтап, елорда әкімі Алтай Көлгіновтың ықылас хаты мен сыйлығын тапсырды. Кеудесінде «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы», ІІ және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, 18 медалі жарқыраған Сихымбай Мамырұлы құттықтаушыларға ақ батасын беріп, еліміздің өркендей беруіне тілегін білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − seventeen =