Көңіл пернесін тербеді

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық залында «Тербеген жүрек пернесін» атты ән мен күй кеші өтті.
Кеш барысында «Сарыарқа» халық музыка ансамблі (көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Хамзин) мен халық әні бөлімінің (көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Секен Сыздық) әртістері бірлескен біртұтас бағдарлама ұсынды. Көрермендер қауымы халықтың рухын асқақтататын «Ақжелең», «Ауылым әнім», «Толқыма», «Құралай» сияқты шығармаларды және делебеңді қоздырып дегеніңе жеткізетін күрмеуі қиын «Адай» күйі мен өзге де халық әндері мен күйлерін тыңдады. Сахна төрінде ансамбльмен бірге филармонияның танымал әртістері өнер көрсетті. Атап айтқанда, Нұрай Танабаев, Әйгерім Нартүйе, Данияр Мұқан, Зинат Қасымова, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Өзгеріс Шерікбай, Айбала Өсиетқызы, Жандос Иманбай, Нұржан Мейрхан ұлттық өнердің кәусарымен сусындатты.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ



