Энергетика министрлігі студенттер үшін Астана ЖЭО-2-ге экскурсия ұйымдастырды
«Адал Азамат» 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Кадр саясаты департаменті Электр энергетикасын дамыту департаментімен бірлесіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің студенттері үшін Астана ЖЭО-2-ге көшпелі экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, студенттерді энергетика саласымен және мемлекеттік сектордағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыру.
Электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасының басшысы Зарлық Б.М. өз департаментінің негізгі міндеттері туралы айтып өтті. Атап айтқанда, электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, энергетикалық жүйенің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, генерациялау қуаттары мен электр желілерін жаңғырту, инвестициялар тарту және саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарға жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер студенттердің стратегиялық маңызы бар саланы басқарудың нақты тетіктерімен танысуына мүмкіндік беретінін жеткізді.



