Қоғам

Елордалық оқушылар кәсіптік бағдар беру экскурсиясына қатысты

Астана қаласының оқушылары кәсіптік бағдар беру экскурсиясы аясында ҚТЖ ғимаратын аралап, теміржолшылардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласының әкімдігі «Астана даму орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бағдарламасын өткізуде. Соның аясында осы жылдың 1 қазанынан бастап жыл соңына дейін 7-11 сынып оқушылары мен елорда колледждерінің бірінші курс студенттері үшін білім беру экскурсиялары ұйымдастырылып отыр. Оқушылар өзге кәсіпорындармен қатар Қазақстан темір жолының жұмысымен де етене танысып, бұл саланың қыр-сырына қанықпақ.

Бүгін қаладағы Urban мектебінің оқушылары ҚТЖ-ның бас ғимаратында болып, теміржолшылар музейі мен Пойыздар қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталығын аралады.
Аталған жоба болашақ мамандықты таңдау кезінде оқушылардың ынтасы мен осы сала бойынша білімін арттыруға бағытталған. Былтыр бұл бағдарлама аясында 10 мыңға жуық бала 30-дан астам кәсіпорында болған, соның ішінде университеттер, зауыттар, банктер, қонақ үйлер, мұражайлар, филармониялар, кітапханалар, өрт сөндіру бөлімдері және басқа да ұйымдарда болған. Ұйымдастырушылар биыл 12 200 баланы түрлі мекемеге апармақ.

Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашақ мамандығын таңдауына септігін тигізетінін сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін үнемі айтып отыратыны белгілі. Жобаны іске асырып жатқан «Гвидон Тур» туроператорының жетекшісі Татьяна Верницкая балалар жастайынан техникаға жақын болып өссе, кейін сол салада қызмет ететінін айтады.

«Өзімнің танысым 5 жасынан машинистің жұмысымен етене таныс болып, теміржол бойында өскен. Ер жеткенде машинист мамандығын таңдады. Сол себепті өскелең ұрпақты қазірден кәсіптік экскурсиялардан өткізіп, әр сала бойынша білімдерін жетілдіре түскен жөн. Алдағы уақытта бұл балалардың арасында темір жол саласын ұнатып, қызығушылығы артатындар кездесуі мүмкін», — дейді Т.Верницкая.

Тағы бір айта кетерлігі, балаларды кәсіпорындарға экскурсияға апаруға тек туристік агенттіктердің ғана рұқсаты бар екен. Сол себепті қала әкімдігінің тапсырысымен туроператорлар жобаны іске асыруда.
Биылға жоба аясында ҚТЖ нысандарына 32 экскурсия ұйымдастыру жоспарланған. Оқушылар алдағы уақытта ҚТЖ-ның Оқу орталығына, Теміржолшылар музейіне, «Нұрлы жол» вокзалына және Локоматив пайдалану депосын аралайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button