Елордалық БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында байқау жарияланды

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жарияланады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .
2025 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласындағы журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік журналистік материалдарға арналған конкурс басталады. Конкурсты ұйымдастырушылар – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.
Байқау қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін нығайтуға бағытталған. Журналистерді қолдау, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын ашудағы еңбегін бағалау, сондай-ақ қоғамның назарын адалдық, ашықтық және заңдылық мәселелеріне аудару – конкурстың негізгі міндеттері.
Байқауға 2025 жылы жарияланған материалдардың авторлары – Астана қаласының журналистері қатыса алады.
Қатысу үшін өтінімді astana.konkurs2024@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Өтінімде төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
* Қатысушының толық аты-жөні
* Байланыс деректері (телефон, email)
* Жұмыс орны
* Жарияланған материалдардың сілтемелері
Байқаудың өткізілу мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 28 сәуір – 30 мамыр аралығында жүргізіледі.
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы маусымда өтеді.
Конкурсқа ұсынылған материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады:
* Тақырыптың өзектілігі
* Сыбайлас жемқорлық мәселесін ашу деңгейі
* Ойдың ерекшелігі мен жаңашылдығы
* Материалдың мазмұндылығы мен қолжетімділігі
Жүлде қоры:
* Бірінші орын – 150 000 теңге
* Екінші орын – 100 000 теңге
* Үшінші орын – 50 000 теңге
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы маусым айында өтеді. Бұл байқау журналистерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға және еңбегін жоғары деңгейде мойындатуға мүмкіндік береді.
Қосымша сұрақтар бойынша astana.konkurs2024@mail.ru электронды поштасына хабарласуға болады.