Елордада сарапшылар вакцина сақтау мәселелерін талқылады
17-18 қазанда Астана қаласында ДДҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің қолдауымен денсаулық сақтау жүйесінің барлық кезеңдерінде вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың оңтайлы температуралық режимін қамтамасыз ететін суық тізбекті жетілдіру мәселелері бағытында кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының және медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.
Кеңес шеңберінде салқын тізбекті жетілдіру, ДДҰ ұсыныстарын ескере отырып, салқын тізбектің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеудің жаңа тәсілдерін зерделеу мәселелері талқыланды.
Екі күндік кеңестің қорытындысы негізінде вакциналарды жеткізу жүйесін және суық тізбекті автоматтандыру мүмкіндіктерін жетілдіру бағытында Жол картасының жобасы әзірленді.