Елорда тынысы

Елордада Cirque du Soleil-дің OVO шоуы өтеді

Астана қаласындағы «Барыс Аренада» 4-7 маусым аралығында Халықаралық шоу өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әлемдік тур аясында Қазақстанда барлығы 14 қойылым көрсету жоспарланған. OVO қойылымында 53 әртіс өнер көрсетеді, ал халықаралық құраманың жалпы саны 25 елден келген шамамен 130 маманды қамтиды. Олардың қатарында Бразилия, Канада, Франция, Қытай, Моңғолия және Ресей өкілдері бар. Топ құрамына әртістерден бөлек техникалық мамандар, грим жасаушылар, жаттықтырушылар, массажистер, аспаздар мен әкімшілік қызметкерлер кіреді. OVO by Cirque du Soleil шоуының аға PR-менеджері Джени Малле (Janie Mallet) Қазақстан мен Астанада алған әсерімен бөлісті.

«Біз дәстүрлі оркестрдің өнерін тыңдап, жергілікті тағамдар мен ұлттық тәттілерден дәм таттық. Мұнда қонақжай мәдениет қалыптасқан екен. Қаланы аралап көретін уақытымыз болды. Енді көрермендермен кездесуді асыға күтіп жүрміз», – деді ол.

OVO – Cirque du Soleil-дің жәндіктер әлемі мен тіршілік циклінің басталуы мен өзгерістерді бейнелейтін жұмбақ жұмыртқа туралы оқиғаға негізделген қойылымдардың бірі. Шоуда акробатикалық өнер, ерекше сценография және музыкалық сүйемелдеу үйлесім тапқан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button