Елорда тынысы

Су айдындарындағы қауіпсіздік күшейтілді

Шомылу маусымының басталуына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және жедел іс-шараларды күшейтті.

Қазіргі уақытта құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жүргізеді, ал қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылған.

Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін шомылуға арналған бес ресми орын белгіленген. Жабдықталмаған және қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері орнатылған.

«Судағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда орын алады. Сондықтан тұрғындар мен қала қонақтарын тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйінде суға түспеуге шақырамыз», – деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өткен шомылу маусымында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ТЖД қызметкерлері 176 әкімшілік хаттама толтырды.

Өткен жаздың қорытындысы бойынша елорда су айдындарында үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Барлық қайғылы жағдайлар шомылуға арналмаған орындарда орын алған.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button