Елорда тынысы

«Менің елім – менің туым» дәстүрлі акциясы басталды

Астанада Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Менің елім – менің туым» дәстүрлі акциясы бастау алды. Елорда жастары мен қала әкімдігінің қолдауымен өткен іс-шара аясында мемлекеттік Ту қаланың тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілінді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және елдік рухты нығайту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын оған қатысушылар қатары артып келеді.

«Мемлекеттік рәміздер – біздің тарихымызды, мәдениетімізді және тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысымызды айқындайтын басты құндылықтардың бірі. «Менің елім – менің туым» акциясы жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін нығайтады. Әсіресе, мұндай бастамалардың жастардың өздері тарапынан көтеріліп, қоғамдық қолдауға ие болуы қуантады», – дейді қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм.

Оның пікірінше, көк байрақты құрметтеу әрбір азаматтың жауапкершілігі.
Айта кетейік, бүгінде елордалық жастар түрлі қоғамдық, мәдени және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып келеді. «Менің елім – менің туым» акциясы да олардың ел болашағына бейжай қарамайтындығын көрсететін маңызды бастамалардың бірі. Акция Мемлекеттік рәміздер күніне дейін жалғасып, қала тұрғындары мен еріктілер де белсенділік танытпақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button