Uncategorized

Салық талаптарын сақтау қажет

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге салық заңнамасының бақылау-касса машиналарын қолдану бөлігіндегі талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-­касса машиналарын қолдануға ­міндетті.

Заманауи бақылау-касса машиналарын пайдалану операциялар есебін автоматтандыруға, фискалдық чекті беру арқылы тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес бұл аппараттарды қолдану міндетінен жекелеген санаттағы тұлғалар босатылған. Олардың қатарына адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар, діни бірлестіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық Банкі, сондай-ақ есеп айырысуларды жүргізуге арналған арнайы мобильді қосымшаны пайдаланушылар жатады.

Телекоммуникация инфра­құрылымы шектеулі елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ерекше назар аударылады. Мұндай жағдайларда деректерді беру функциясы жоқ бақылау-­касса машиналарын пайдалануға рұқсат етіледі, бұл тұрақты байланыс болмаған жағдайда да кәсіпкерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді салық заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады. Сатып алушының фискалдық чекті алуы жүргізілген операцияның заңдылығын растайды, ашық салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың маңызды құралы саналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button