Қоғам

Астанада түнгі уақытта серуендеген жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың алты ауданында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Полиция қызметкерлері аудан әкімдіктерінің, қалалық прокуратураның, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында көшелер мен ойын-сауық орындарын тексеруде.

Елорданың Сарыарқа ауданында жүргізілген рейд барысында мобильді топ сағат 23:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген, сондай-ақ кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарын аралаған 17 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналармен және жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ресми ескертулер жасалды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда заңды өкілдерге айыппұл салынуы мүмкін.

Есіл ауданында мониторингтік топ қызметкерлерімен 10 рейд жүргізілді, оның барысында ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 68 кәмелетке толмаған жасөспірім жауапкершілікке тартылды.

Байқоңыр ауданында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмаған 57 жасөспірім анықталып, жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Бұл балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жібергені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 132-бабына сәйкес ойын-сауық мекемелерінің иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұра ауданының аумағы бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде мынадай құқық бұзушылықтар анықталды: 92 жасөспірім сағат 23.00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болды, ол үшін 442-бап бойынша ескерту алды; 14 ата-ана 127-бап бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Рейд барысында Алматы ауданында мобильді топ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ересектердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болған 6 жағдайын анықтады. Қорытындысы бойынша ата-аналарға хаттама мен әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруіне немесе олардың кіруіне рұқсат етілмейді, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болуына тыйым салынады;

Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда.

«Заң және тәртіп» әңгімесі аясындағы іс-шаралар Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен өткізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button