Құқық

«Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өтті

Жазғы демалыс қарсаңында ел аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына 

— Құрметті азаматтар! Жазғы демалыс қарсаңында елімізде 18-25 мамыр аралығында балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу және балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Абайлаңыз — балалар!» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акцияға екі мыңнан астам ұйым мен мекеме, оның ішінде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмылдырылды. Балаларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Көліктік бақылау органдарымен бірлесіп, үш мыңнан астам мектеп автобусы тексерілді. Тексеру нәтижесінде 400-ге жуық техникалық ақауы бар көлік құралы анықталып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 200-ден астам нұсқама берілді. Сондай-ақ жас жол инспекторларымен бірлесіп, жолда жүру қағидаларын насихаттауға бағытталған мыңға жуық профилактикалық және үгіт-насихат іс-шаралары өткізілді. Полиция ата-аналарды, жүргізушілерді және барлық жол жүрісіне қатысушыларды жазғы демалыс кезеңінде барынша мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Балаларды қорғап, жолда жүру қағидаларын сақтайық! — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button