Ел тынысы

Астана алғаш рет боччадан Әлем кубогы кезеңін қабылдайды

2026 жылғы 1-9 маусым аралығында Қазақстан астанасында алғаш рет беделді халықаралық «Astana 2026 World Boccia Cup»турнирі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл – ресми рейтингтік жарыстар жүйесіне кіретін және алдағы Лос-Анджелес Паралимпиада ойындарына іріктеудегі аса маңызды саналатын боччадан Әлем кубогының кезеңі.

Жарысты Қазақстан бочча федерациясы ұйымдастырады. Турнир Қазақстан Республикасының 2026 жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына ресми енгізілген және заманауи «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Әлем кубогына Қазақстан, Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция, Португалия секілді 24 елдің өкілдері қатысады. Жарысқа әлемнің ең мықты 92 параспортшысы, сондай-ақ 143 делегация мүшесі мен маман келеді деп күтілуде.

Әлем кубогының елордадағы кезеңінде Қазақстан намысын 10 үздік атлет қорғайды. Олардың қатарында Астана қаласының өкілдері — Шингисханова Итиана, Алтынсары Темірлан және Алмат Ерхат бар.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, мұндай деңгейдегі жарысты өткізу Қазақстанның паралимпиадалық спорт саласындағы халықаралық беделін нығайтып, елдің әлемдік додаларды қабылдаудағы ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық даярлығының жоғары екенін көрсетеді.

Astana 2026 World Boccia Cup турнирі ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорының, Eurasian Resources Group (ERG), KAZ Minerals, Kinopark және өзге де серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылады.

Жарыс бағдарламасы:

1 маусым – командалардың келуі, жаттығу күні және спорттық классификациядан өту (құрал-жабдықтарды тексеру);

2 маусым сағат 18:00-де – турнирдің салтанатты ашылу рәсімі;

3-6 маусым – жекелей жарыстар;

6 маусым – жекелей санаттар бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі;

6-8 маусым – жұптық және командалық жарыстар;

8 маусым – жұптық және командалық санаттардағы жеңімпаздарды марапаттау;

9 маусым – делегациялардың қайтуы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button