Қала мен сала

Бірнеше көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

«Әлеуметтік нысандарға кірме жолдар салу. Астана қаласындағы Сығанақ көшесі, Е32, Е15, Е36 көшелері шегіндегі көшелер құрылысы (Шығыс, 2-кезең)» жобасы аясында аталған ауданның кейбір көшелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Шектеулер келесі мерзімдерде қолданылады:

• Әйтеке би көшесінде М. Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде – 11-16 маусым аралығында;
• Е14 көшесінде Әйтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі учаскеде – 16-24 маусым аралығында;
• Е15 көшесінде Әйтеке би көшесінен Е36 көшесіне дейінгі учаскеде – 24 маусымнан 3 шілдеге дейін;
• Е35 көшесінде М. Мәметова көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде – 4-10 шілде аралығында.

Маршруттарыңызды жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерген жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button