Мәдениет

Арқа аруы атанды

Ақмарал Әлтаева атындағы I республикалық «Арқа аруы – 2026» байқауында Астана қаласының атынан қатысқан Толғанай Наурызбай бас жүлдені жеңіп алды.

Байқаудың құрметті қонақтары мен қазылар алқасының құрамында әйгілі әнші, ұстаз, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек Ері Қайрат Байбосынов, қазақтың «Қыз Жібегі», Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешева, белгілі әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева, ақын Қалқаман Сарин, басқа да елге танымал адамдар болды.

Бас жүлдені жеңіп алған Толғанайға келсек, ол – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті. Ақылына көркі сай ару 13 жасынан бастап өлең жазып, ішкі толғанысын ақ қағазға өрнектейді. Жыр жинақтары мен республикалық газеттерде мақалалары да жарық көрді. Университеттің белсенді студенті, қоғамдық жұмыстар мен шығармашылық жобаларға да жиі қатысады. Бұған дейін бірнеше байқауда топ жарды. Атап айтқанда, Miss KAZATZU 2025 байқауында бас жүлдені жеңіп алса, Miss Student Astana 2026 байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ Түркі халықтарының үздік студенті атағын алды. Қазір EXPOMODELS агенттігінің моделі.

«Бала кезімізден әкеміздің тәрбиесін бойымызға сіңірдік. Әкем Ербол өзі жалғыз 3 баланы өсіріп, қазір жемісін көріп жатыр. Осы жеңісімді асқар тау әкеме арнаймын» деді Толғанай бізбен әңгімемізде.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button