Мәдениет

Елордада «FOLK SHOW» концерті өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 29 мамыр күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «FOLK SHOW» концерті өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жобаның авторы әрі дирижері Әділет Азбаевтың жетекшілігімен «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртістері, G band тобы, «Гүлдер» ансамблінің әртістері және «Қазақконцерттің» өзге де танымал өнерпаздары өнер көрсетті.

Концерт барысында қазақтың танымал әндері жаңа форматта орындалып, бір бағдарлама аясында әлемдік шығармалар мен кино саундтректері де ұсынылды.

Репертуарға «Адай», «Махамбет», «Балалық шақ», «Махаббат бекеті» және «Taxi», «Pirates of the Caribbean», «Троя», «Gladiator» фильмдерінің саундтректері енді.

«FOLK SHOW» жобасы концерттік маусымның маңызды оқиғаларының бірі болды.

Айта кетейік, 27 маусым күні «Қазақконцерттің» 65-концерттік маусымының жабылуына арналған Гала-концерт аясында «Folk Show» бағдарламасы кеңейтілген форматта қайта ұсынылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button