Құқық

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада рейдтер жалғасын табуда

Елордада тазалықты сақтау, абаттандыру және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қоқысты заңсыз тастағаны, қоғамдық орындарды ластағаны, абаттандыру қағидаларын бұзғаны және қаланың санитарлық жағдайына кері әсер ететін өзге де заңға қайшы әрекеттері үшін шамамен 20 мың құқық бұзушыны әкімшілік жауапкертылыққа тартты.

Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында құрылыс алаңына іргелес аумақты талапқа сай күтіп ұстамау фактісі анықталды. Қоқыс пен құрылыс материалдарын белгіленбеген орындарға жинағаны үшін құрылыс ұйымының басшылығы ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Астана қаласының Полиция департаменті тазалық пен абаттандыру қағидаларын сақтау әрбір тұрғын мен ұйымның міндеті екенін еске салады. Қаладағы тәртіп қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудан басталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button