Ел тынысы

Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 басталды

29 мамыр күні Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 турнирінің алғашқы іріктеу сыны өтті. Халықаралық жарысқа түрлі елден келген спортшылар қатысып, FEI әлемдік челленджі финалының маңызды кезеңдеріне жол ашты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алғашқы іріктеу сыны 220.2.1.1-бап бойынша 115 см биіктікте өтті. Спортшылар кедергілер бағытын бір айналымда, қайта секірусіз, таза әрі жылдам өту бойынша сынға түсті.

Қатысушылар дайындық деңгейінің жоғары екенін, бағытты дәл бағындыру шеберлігін және тұрақты техникасын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын – Хуршидбек АЛИМДЖАНОВ (CHAMPIONS LEAGUE)

2-орын – Бекжан БАЙЖАНҰЛЫ (KING DIAMOND)

3-орын – Ринат ГАЛИМОВ (D’ARTAGNAN Z)

4-орын – Ринат ГАЛИМОВ (KIRA VAN DE LAREN Z)

5-орын – Раиса СОКОЛЕНКО (CLUE GOLD)

FEI Jumping World Challenge Final 2026 Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Бұл – отандық ат спорты тарихындағы ең ірі халықаралық додалардың бірі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button