Коммуналдық қызмет тарифтері өсе ме?

Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр қарашаның 1-інен бастап 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне мораторий жарияланған болатын. Осыған орай, Астана қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өндірісті локализациялау» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Мемлекеттік органдардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысқан семинар аясында өндірістерді локализациялау, қазақстандық өндірушілердің ЭКСЖ жобаларына қатысуы, стандарттау, кәсіпорындар кооперациясы, тариф қалыптастыру және отандық өнімді жобалау-сметалық құжаттамаға енгізу мәселелері талқыланды.
«Астана АЭК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Әбжанов маусым айынан бастап электр энергиясының тарифі 12,5%-ға көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Айтуынша, компания электр энергиясының шекті бағасын 1 кВт·сағ үшін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін ұлғайтуға өтінім берген; KEGOC қызметтерінің құнын арттыру; қуат нарығындағы шығындардың өсуі, сондай-ақ сараланған тарифтерді қолдану және тарифтердің өсуіне мораторий қолдану салдарынан туындаған шығындарды өтеу қажеттілігі. Сонымен қатар, Әбжанов атап өткендей, тарифке елордада электр энергиясын тұтыну көлемінің артуы әсер етті. Өз тарапымнан жұмысшылардың жалақысының өсуін, тариф құрылымын азайтуға арналған шаралардың барысын, бюджеттік мекемелердің тарифін азайту мүмкіндігін қарастыруды сұрадым.
Кендебай Адамбек


