Қала мен сала
Марал көпірінің бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 4-7 мамыр аралығында Марал көпірінің көлік айырығынан Шарль де Голль көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осыған байланысты көрсетілген учаске ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.



