Денсаулық

«Еуропалық иммундау–2026» апталығы аясында елорда емханасына шетелдік делегация келді

Биыл 19 сәуірден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында «Еуропалық иммундау2026» апталығы өтуде. Бұл — халықтың денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу үшін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Осы науқан аясында ҚР аккредиттелген Еуропа мемлекеттері елшілері Астанадағы № 6 қалалық емханаға барып, жұмысымен танысты.

Атап айтқанда емханаға Еуропалық Одақтың Елшісі Алешка Симкич, сондай-ақ Португалия, Хорватия, Болгария және Греция елшілері және Франция мен Польшаның дипломатиялық миссияларының өкілдері келді.        Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтуге және иммундау мәселелерінде әріптестікті нығайтуға арналған іс-шараны ДДҰ қолдауымен Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Жиында мамандар өзара тәжірибе алмасып, вакцинацияның өзекті мәселелерін талқылады және халықтың денсаулығын қорғау бойынша бірлескен күш-жігерді ілгерілету жайын сөз етті.  Емхана директоры Динара Сатжанқызының айтуынша, соңғы жылдары вакцинация мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалады.

-Бес жыл бұрын көрсеткіштер біраз төмен болды. Бүгін біз жүргізіліп жатқан ақпараттықтүсіндіру жұмыстарының оң әсерін көріп отырмыз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6 жасқа дейінгі балаларды вакцинациямен қамту 95% — ға жетті. Біздің емхана 33 мыңға жуық балаға қызмет көрсетеді, — деді ол.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Төлеуова қонақтарға иммундау саласындағы бастамаларды халықаралық қолдағаны үшін алғысын білдірді. ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Skender Syla елдің жаһандық бастамаға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

-Біз Қазақстанның иммундау апталығын белсенді қолдайтынын көргенімізге қуаныштымыз. Вакцинация денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі. Соңғы 50 жылда ол жаһандық нәресте өлімін 40% — ға төмендетіп, миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды. Дегенмен сарапшылар қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, қиындықтар бар екенін айтады. Кейбір балалар әлі де жоспарлы вакцинацияны алмай, өткізіп жібереді, ал дұрыс емес ақпаратты тарату вакцинацияға деген сенім деңгейін төмендетуі мүмкін. Осыған байланысты халықпен ашық диалог жүргізу және алғашқы медициналықсанитарлық көмек жүйесін дамыту ерекше рөл атқарады, — деді ол.

Мамандар ДДҰ әрбір адам үшін өмірлік маңызды вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған 2030 жылға дейінгі иммундаудың күн тәртібін іске асырып жатқанын және Қазақстанға қолдау көрсетуді жалғастыратынын жеткізді. Кездесу соңында қонақтар үшін емхана ішінде экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында балаларды вакцинациялауға бағыттау және егу кабинетінің жұмысы көрсетілді.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button