Мәдениет

Инклюзивті би фестивалі

Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Инклюзивті би: тең мүмкіндіктер  алаңы» тақырыбындағы «Мейірім» балалар шығармашылығының VIII инклюзивті музей фестивалі өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын фестивальдің басты мақсаты – ерекше білім беру  қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, таланттарын ашу және қоғамда тең мүмкіндіктер құндылықтарын насихаттау.

Фестивальге Астана қаласы мен еліміздің өңірлерінен 140-тан астам өрен қатысты. Қатысушылар қатарында әлеуметтік орталықтар, қоғамдық қорлар, арнайы мектептер мен шығармашылық ұжымдар
бар. Сахна төрінде қазақ және әлем халықтарының билері, заманауи хореография қойылымдары, сән театрларының көрсетілімі мен ерекше шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Әр қатысушы өз өнерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қорытынды кезең «Инклюзивті би және мүгедектігі бар адамдарды би арқылы оңалту: Қазақстан мен
Ресей тәжірибесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасты. Кездесудің басты спикері ретінде «Inclusive
Dance» қозғалысының негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Леонид Тарасов сөз сөйлеп,
инклюзивті би бағдарламаларын енгізудегі көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Жиында инклюзивті хореографияны сахналау және білім беру үдерісіне енгізу мәселелері, көркемдік және педагогикалық
тәсілдер, сондай-ақ инклюзия арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту тақырыптары кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар  инклюзивті бағытты дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікір алмасты. Кездесу тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог жүргізуге және инклюзивті бағытты  дамытуға арналған жаңа тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button