Мәдениет

«Алып Абай» кітабының халықаралық таныстырылымы

«Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың «Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» еңбегінің халықаралық таныстырылымы өтті.

Ауқымды ғылыми еңбек – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының аудармашылық қырын жан-жақты зерттеуге арналған тұңғыш кешенді кітап. Бұған де­йін Абай аудармашылығына қатысты тек 1954 жылы жарық көрген Зәки Ахметовтің «Лермонтов и Абай» атты зерт­теуі белгілі еді. Ал жаңа еңбекте Абайдың тек Лермонтовпен шектелмей, әлем әдебиетінің бірқатар классигінен жасаған аудармалары толық қамтылған. Кітапта Абайдың Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гете, Байрон, Шиллер, Мицкевич, Бунин, Дельвиг, Полонский шығармаларынан жасаған аудармалары түгел талданып, бірде-бір өлең назардан тыс қалмаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген еңбектің көлемі 600 бетті құрайды.

Халықаралық таныстырылым­ға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер мен абайтанушы ғалымдар қатысты. Іс-шара барысында кітаптың ғылыми маңызы, Абай мұрасын әлемдік деңгейде танытудағы рөлі кеңінен сөз болды.

Жаңа еңбек қазақ әдебиеттану ғылымындағы елеулі жаңалықтардың бірі ретінде бағаланып, Абай шығармашылығын терең түсінуге тың серпін бермек.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button