Қала мен сала

Көлік жүйесі қалай дамиды?

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың көлік жүйесін дамыту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Көлік жағдайын жақсарту және қауіпсіздікті арттыру мақсатында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Автотұрақ кеңістігін, көлік ағынын, бағдаршамдық реттеуді, эвакуациялауды, көліктік жоспарлауды және жазатайым оқиғалар санын азайту жөніндегі өзге де шараларды үйлестіру үшін жол қозғалысын
ұйымдастыру орталығы – Бірыңғай оператор құрылды. Орталық интеллектуалды көлік жүйесімен (ITS) жол қозғалысын басқаруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда 818 бағдаршамның 582-сі бейімделген. Биыл бейімдеу толығымен аяқталады деп
жоспарлануда» деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар елордада жаңа бағдаршамдар орнату жұмысы жалғасуда. Presight AI Ltd компаниясымен бірлесіп, бейнебақылау инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Биыл 1200 жол ережесін бұзуды есепке алу жүйесін пайдалануға мүкіндік беретін Smart City жобасы
іске қосылды. 60 мыңнан астам камера Бірыңғай ахуал орталығымен бірігеді. Әкімнің мәліметіне сәйкес, қаладағы бейнебақылау камераларының саны 1 жылда 2 есеге артып,
60 мыңға жетті. Жаңғырту нәтижесінде автоматты түрде тіркелетін бұзушылықтар саны 4-тен 15-ке дейін артады, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде бейнеталдаудың 35 түрі енгізіледі деп күтілуде. Бұл елордадағы жол-көлік оқиғалары санын азайтуға мүмкіндік бермек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button